Олар айдап әкеткен көліктің қосалқы бөлшектерін көлік базарында немесе ТҚКС арқылы сатқан.
Астана ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында автокөліктерді айдап әкетумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайдыsputniknews.kz ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Күдіктілер «ВАЗ» және «ГАЗ» маркалы көліктерді ұрлаған. Күндіз көлікті бақылап, дабыл жүйесі бар жоғын анықтап, түнде айдап әкетеді екен. Ұрланған көлікті ұсталғандардың бірінің жеке үйінде бөлшектеп, көлік базарлары мен ТҚКС арқылы сатып отырған.