Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанадағы автобустарда валидатор істен шықса, жолаушының тегін жүруге құқы бар

KAZAKBOL.COM

Транспорт картасының бағасы – 400 теңге.

2018 жылдан бастап «Астана LRT» ЖШС жолақыны төлеудің электронды жүйесіне толықтай көшетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Осыған байланысты, «Астана LRT» елорданың барлық автобус паркі валидатормен жабдықталып, ASTRA PLAT транспорттық электронды картасымен төлем жасайтынын мәлімдеді. Егер автобуста валидатор істен шықса, ол автобус маршруттық бағыттан шығарылып тасталады немесе жолаушылар тегін қатынайтын болады.

Сондай-ақ, келесі жылы айлық жол жүру билеті де алынып тасталады. Қағаз билеттің орнына пластикалық карта шығады. Бағасы бұрынғыша – 7500 теңге күйінде қалдырылады. Ал транспорт картасының бағасы – 400 теңге. Бұл жаңалық жолақыны электронды жүйемен төлеуге толықтай ауысудың алғышарты.

Сонымен қатар, жыртылып берілетін билет орамы да алынып тасталады, бұл көлеңкелі ақша айналымын тоқтатады. Жүргізушінің қасындағы (валидатор жүргізушінің жанында орнатылады) мөр басылған билет жолақының төленгенін растайды.

Транспорт картасын алып үлгермеген азаматтар картаны арнайы мамандандырылған кассалардан, RTVM терминалынан және де халыққа ыңғайлы болу үшін Касса24 немесе QIWI терминалы арқылы толтыруына болады.

25 желтоқсаннан бастап транспорт картасын сататын және электронды картаны толтыратын сауда орындарын көбейту жоспарланып отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM