Алмазбек Атамбаев. Фото: akipress.org
Атамбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қырғызстан «ілгері басты»: Бұрындары үнемі көштің соңында жүретін.
«Мен сіздерге осы уақыт аралығында маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Бішкек тұрғындарына рахмет. Олар әрдайым мені қолдап жүреді», — деді ол.
Атамбаевтың президенттік мерзімі 2017 жылы 1 желтоқсанда аяқталады. Елде президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.
Конституция бойынша, президент алты жыл мерзімге бір мәрте ғана сайлана алады.
KAZAKBOL.COM