Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ауғанстанда тәліптер үкіметінде жанжал туындады

KAZAKBOL.COM

Ауғанстан билігін басып алған «Талибан» қозғалысында жанжал туындаған. Тәліптер үкіметі жетекшісінің орынбасары, қозғалысты құрушылардың бірі Абдул Ғани Барадар жоғалып кетті. Бұл жөнінде BBC тәліптер арасындағы жоғары лауазымды шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің айтуынша, Барадар босқындар ісіне жауап беретін Халил Рахман Хакканимен келіспей қалған. Екеуінің арасындағы келіспеушілік дауға ұласқан. Барадар жаңадан жасақталған үкіметтің құрылымына көңілі толмаған.

Негізгі даудың басы «Талибанға» жеңісті әперген кім деген сұрақ төңірегінде болған. Барадар АҚШ әскерін шығару жөніндегі Доха келісімі жеңіс әкелді деген. Ол дипломатия жеңді деген. Ал «Хаккани желісі» тобының жетекшісі Хаккани тәліптерге жеңіс әперген қарулы әскер деп атаған.

Жанжалдан кейін Барадар Кабулдан кетіп, Қандағарға барған.

Осының алдында бірқатар басылымдарда Барадар жанжалдан кейін ауыр жарақат алып, қайтыс болды деген ақпарат жарияланған. Бірақ 13 қыркүйекте «Талибан» аудиожазба таратты. Онда Барадардың дауысы делінген адам өзінің өлгенін теріске шығарады.

Алайда әлі ресми ақпарат жоқ. Дегенмен көптеген ауғандықтар тәліптерге сенбейді. Мәселен 2015 жылы тәліптер лидері молда Омардың өлімін екі жыл бойы жасырып келді. Екі жыл бойы оның атынан ресми мәлімдемелер таратылып тұрған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM