БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша Жоғарғы Комиссары Пәкістанда тұратын түркімен босқыны Салема Рехманға сыйлық тағайындады. 29 жастағы Салема Пәкістан ауруханаларының бірінде дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді.
Ұйым мәліметінше, Рехман COVID-19 вирусы пандемиясы кезінде ерлік танытып, кәсіби борышын адал атқарған әрі қыздардың білім алуына ұмтылған.
Салема Рахманға сыйлық Пәксітандағы Швейцария елшілігінде табыс етілді.
Салема Рахман сөзінде түркімен босқындарына балаларына білім алуды насихаттап келетінін жеткізді. Ол Ауғанстанда этникалық түркімендер арасында білімді азаматтардың аз екенін, әсіресе қыз балаларда мүмкіндік бола бермейтінін айтты. Салеманың әке-шешесі 1991 жылы Ауғанстаннан Пәкістанға қоныс аударып, босқындар лагерінде тұрған екен. Соған қарамастан балаларына білім берген.
Босқындарға берілетін халықаралық сыйлық 1954 жылдан бері беріліп келеді. Содан бері 60-тан астам адам алған.
Бұл — Нансеннің БҰҰ-дан алып отырған екінші сыйлығы.
Ол қазір Пәкістанның Равалпинди қаласында Қасиетті отбасы ауруханасында кедей адамдарды емдеп, көмек көрсетіп келеді.
KAZAKBOL.COM