Фото Instagram желісінен алынды
Отандық әнші Айдана Меденованы өз салонында жұмыс істеген қызметкері алдап түсірді. Ол әншінің бизнесінің парақшасын бұзып, оны әншінің сыртынан сатып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.
«Мен бизнес парақшамды бұзып, сатып жіберген кім екенін анықтадым. Ол адам менің сұлулық салонымның командасында жұмыс істеген екен. Ол туралы ешкім білмей қалады деп ойлаған болуы керек.
Мен қатты қатыгез адам емеспін. бірақ менің ойымша жазалау керек сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Оның деңгейіне түскен дұрыс па?», — деп кеңес сұрады ол.
Желі қолданушылары Айданаға түрлі кеңестер айтты. Бірі міндетті түрде заң алдында жазалаған дұрыс деген ақыл айтса, екіншілері жылы жауып қоя салған жөн екенін жазуда.
KAZAKBOL.COM