Фото видеодан алынды
Қайрат Нұртас қазақша ән тыңдайтын мәскеулік тыңдарманымен кездесіп, Виктория есімді зағип қызға сыйлық тарту етті деп хабарлайды NUR.KZ.
26 наурыз күні Виктория сүйікті әншісі Қайрат Нұртаспен кездесіп, әншінің қолынан сыйлық алды.
«Мәскеу қаласында тұрып біздің әндерді тыңдайсың ба?» деген Қайраттың сұрағына Виктория қазақ әндерінің барлығын тыңдайтынын айтты.
Қайрат Нұртас өз кезегінде қыздың анасына ән жинағын сыйға тартса, Викторияның иығына орамал жауып, нағыз қазақтың қызы болғанын айтып, әзілдеді.
Мәскеу тұрғыны Виктория Андреева Батырхан Шүкеновтың «Отан Ана» әнін естіген соң, қазақ тілін үйреніп, Қайрат Нұртастың әндерін интернет арқылы тыңдай бастаған.
Бүгінде ол қазақ әндерін ғана емес, қазақ мәдениетін зерттеп, қазақ тілін еркін меңгеруге талпынып жүр.
KAZAKBOL.COM