Әлеуметтік желілерде Қайрат Нұртастың Болат Назарбаевтың қызымен ән айтқаны жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.
Қайрат Нұртас бұрынғы «BN» қазіргі «Alar» тобымен клип түсірген.
Алайда клипте Қайрат Нұртаспен ән орындаған бойжеткен Альбина Болатқызы емес, Ақниет есімді ару болып шықты.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын «BN»-нің құрамында өзгеріс болып, Альбина өзі жеке шыққан болатын.
Осыған дейін топта екі жігітпен ән айтқан Альбина Болатқызы енді жеке әнші болып ел алдына қайта оралмақ.
Бойжеткен жақын уақытта өзінің тыңдармандарымен қайта қауышып, тың туындыларын ұсынбақ.
KAZAKBOL.COM