Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: nur.kz
«Біріншіден мерекелік құттықтауымды қазақ тілінде, сосын орыс тілінде жеткізгім келеді», — деп сөзін бастаған қала басшысы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңыздылығына тоқталды.
«Бірлік мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Зор денсаулық, амандық, ашық аспан тілеймін. Үйлеріңізде тек қана бақ-береке болсын!», — деген Ғабидолла Әбдірахымов өзі түрлі мемлекеттерде білім алып, өмір сүргенін алға тартып, Қазақстан — бейбітшілігі басым, ынтымақ-берекесі жарасқан ел екенін атап өтті.
Мұнан соң Шымкент әкімі «неше тілді меңгердіңіз?» деген сауалға да жауап берді.
«Қазақ тілі – менің ана тілім, орыс тілін де жетік білемін. Ағылшын мен неміс тілдерін де меңгергенмін. Арабша және өзбекше шамалы түсінемін», — деді Әбдірахымов мырза.
KAZAKBOL.COM