Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстан Илон Маск зымыранының көмегімен өзінің Жер серігін ұшырады

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов SpaceX компаниясының «Falcon 9» зымыран-тасығышымен екі спутник ұшыратынын растап, жекеменшік компанияны таңдау себебін айтты.

Жергілікті ақпарат құралдары «Қазақстан АҚШ-тағы жекеменшік SpaceX компаниясының «Falcon 9″ зымыран-тасығышымен Флорида штатында екі ғылыми-технологиялық спутник ұшырмақ» деп жазған.

Министр Атамқұловтың айтуынша, бұдан бұрын спутниктерін ұшырып жүрген ресейлік «Днепр» бағдарламасының жабылуына байланысты Қазақстан өзге елдің зымыран-тасығышын іздеуге мәжбүр болған.

— Бұл — нарық. Арзан, өзімізге лайықты зымыран іздедік. Кейін «Falcon 9» зымыраны, SpaceX компаниясын таңдадық. Алдын ала дайындығы, сақтандыруы бар, 1 миллион 300 мың — 1 миллион 400 мың долларға түсті. Бұл өте арзан баға деуге болады. Себебі, бірден екі жер серігін ұшырамыз. Бір зымыранмен бір жер серігін ұшыру 10-30 миллион долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Ал біз спутникті басқа елдердің жер серіктерімен бірге ұшырайын деп отырмыз, — дейді министр Атамқұлов.

Министр Атамқұлов «Falcon 9» ракетасымен спутник ұшыру ресейлік зымырандардың қызметін пайдаланудан қаншалықты арзан екенін нақты айтпады.

АҚШ-тың жеке меншік SpaceX компаниясының «Falcon 9» зымыраны — бір реттік және көп мәрте пайдалануға жарайтын ауыр класты зымыран түрі. Биыл компания басшысы Илон Маск зымыранның жерге қайта оралу жүйесін сынақтан сәтті өткізіп, коммерциялық ғарыш игеру саласында төңкеріс жасаған.

Халықаралық басылымдар соңғы жылдары «Falcon 9» ресейлік «Союз» зымыранымен бәсекеде озып келе жатқанын жиі жазады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM