Қазақстандық турист Біржан Өмірзақов 9 мамырда Вриндаван қаласында өлі табылды.
Бұл туралы India Today басылымына сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.
«Қазақстандық Біржан Өмірзақов елге туристік визамен келген. Ол Вриндаван полициясы учаскесіне қарайтын Никунж Ашрамда кеше кешкілік (8 мамырда) бөлмені жалға алған», деді полициядан.
Таңертең ол есігін ашпаған соң полицияға шұғыл хабар берілген. Олар бөлмеде мәйіттің үстінен шықты.
Полицейлердің айтуынша, Қазақстан елшілігіне бұл оқыс оқиға жайлы хабарланған. Сонымен бірге олар мүрде мәйітханада екенін атап өтті.