Еліміздің аруларының көркіне бүкіл әлем таң қалып жататыны таңсық емес.
Осы орайда NUR.KZ порталы Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің тізімін назарларыңызға ұсынады.
Лидо
Әнші, дизайнер, модель, екі баланың анасы.
Лидо екі баланы дүниеге әкелгеніне қарамастан, өз келбеті мен дене бітімін өзгеріссіз сақтап қалған. Жас ана баларына да, өзіне де жақсы күтім жасай біледі. Ол өнерде ғана емес, сән әлемінде де өз орнын сайлап үлгерген.
Динара Егеубаева
Журналист, 31 арнадаға «Информбюро» жаңалықтарының жүргізушісі болған.
Ер кісілерге арналған Esquire журналы Егеубаеваны әлемнің ең тартымды арулары қатарына енгізген. 195 елден іріктелген ең көз тартарлық арулардың арасында модельдер, әншілер, спортшылар мен сұлулық байқауының жеңімпаздары да болған.
Альбина Джанабаева
Фото: hochu.ua
«ВИА Гра» тобының экс-солисі.
Қазақстанның ең танымал тумаларының бірі Альбина Джанабаева «ВИА Гра» тобының экс-солисі ретінде көпшіліктің есінде қалған. Сонымен қатар Ресей жұлдызы Валерий Меладзенің ғашығы ретінде де танымал. Альбина — көркімен ғана емес, өнерімен де көзге түсіп жүрген ару. Ол әншіліктен бөлек бірнеше ресейлік фильмдерге түскен, мультфильмді дыбыстап, тележүргізуші болып та көрген.
Валерия Цой
Фото: vesti.kz
Сноубордшы.
26 жастағы спортшы талай рет Қазақстанның ең тартымды аруы аталған. Валерия — сноубордтан Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы. Жеке өмірін қашан да құпия сақтайтын ару шетелдік beauty-around.com порталында «Олимпиаданың ең көрікті спортшылары» рейтингіне енген.
Баян Есентаева
Продюсер, тележүргізуші, әртіс, редактор.
Баян Есентаева сұлулығымен ғана емес, ақылымен де ел назарына іліккен әйел. Қашан да сәнді киініп, өзгелердің назарын өзіне шебер аударта білетін Баян тартымды әйелдер арасында өз орнын сайлап үлгерді.
Әлия Мергенбаева
Модель, студент.
Қазақстан аруы 2015 модель ретінде мансабын бастап, бүгінде Маңғыстау колледжінде білім алады. Бойжеткен «Әлем аруы — 2016» байқауында еліміздің намысын қорғайтын болады.
Әсел Сағатова
Әртіс, модель.
14 жасынан бастап модельдікпен айналысқан Әсел әртістік мансабын «Плач матери о манкурте» фильміне түсуден бастады. Кейін «Рэкетир» мен «Ирония любви» фильмдерінде рөл сомдады. Бүгінде ару қазақстандық кино әлемінде жоғары сұранысқа ие. 2013 жылы Әсел Сағатованың атынан Алматыда модельдік мектеп ашылды.
Ленара Баталова
«Рахат Лукум» тобының экс-солисі, үш баланың анасы.
Ленараның өнер әлемінен кетіп, бар уақытан балаларына арнап жүргеніне бірталай уақыт өтті. Соған қарамастан, ол ең тартымды отандық арулар тізімінде өз орнын жоғалтқан емес. Өнерде жетістікке жете бастаған шағында Ленара Лондонға оқуға кетіп, әншілікті біржолата тастауға бел буған.
Сабина Алтынбекова
Фото: Instagram
Волейболшы.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованы бүгінде білмейтіндер кемде-кем. Ару Қазақстанда ғана емес, шетелде де көздің жауын алар көркімен талай мақтауларға ие болған.
Мария Зубенко
Теле және радиожүргізуші, фотомодель.
Марияны алғаш рет көпшілік «101» тобының «Я плюс ты» әніне түсірілген клипінен таныды. Содан кейін Мария модельдікке және жүргізушілікке көптеген ұсыныстар ала бастады. Бүгінде оның дауысын «Русское радио Азиядан» жиі ести аласыздар.
Екатерина Краснова
Модель, теле және радиожүргізуші.
Екатеринаның теледидар мен модельдік әлемде жүргеніне 10 жыл болды. Өз мансабында талай биіктерді бағындырған ару ең тартымды әйелдер қатарынан да табылды.
Бибі Шәріпова
13 жасынан мансабын бастаған қазақстандық модель Бибі Шәріпова жақында NARS жарнамасына түсті. Бибі Степногорскіде дүниеге келген. Мансабын Астанадан бастаған ару бүгінде америкалық Muse Management агенттігіне қызмет етеді.
2015 жылы ол Uniqlo маркасының AIRism іш киімін жарнамалайды. MatchesFashion және ShopStyle порталының жарнамасына түсіп, Emporio Armani, Temperley London, Carmen Marc Valvo, Christian Siriano, Giorgio Armani, Julien Macdonald көрсетілімдеріне шыққан.
Аяулым Шалқар
Модель.
Аяулым «Дочки-матери» бағдарламасынан танымал. Ал бүгінде модельдік бизнеске бет бұрған. Аяулым ел назарына өзінің ерекше келбетімен ілікті.
Нұргүл Досмұхамбетова
Бизнес аруы.
Нұргүлді сұлулықтың үлгісі санайды. 4 баланың анасы спортпен және бизнеспен шұғылданады. Ол бүгінде Sapphire велнес-бутигінің қожайыны.
Жанна Жұмалиева
Фото: rasfokus.ru
Қазақстан аруы-2010 байқауында жеңген Жанна Әлем аруы-2011 байқауында «Үздік топ-модель» атағын иеленіп, әлемнің ең сұлу 10 аруы қатарына енді. Кейін Globalbeauties ұсынған әлемнің ең тартымды арулар тізімінен табылды. Рейтингтегі 500 арудың арасында Жанна 25 орынға тұрақтаған.