Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Азат Еуропа/Азаттық радиосы Рига мен Вильнюс қалаларында бюросын ашады

KAZAKBOL.COM

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясы Латвия астанасы Рига мен Литва орталығы Вильнюстан жаңа бюросын ашады.

Мұндай шешім орыс билігінің қысымынан «Свобода» радиосының Мәскеудегі бюросы ісін тоқтатуға мәжбүр болғаннан кейін қабылданды.

Мәліметке қарағанда, Балтық елдеріндегі жаңа бюроларында «Свобода» радиосының осыған дейін Мәскеуде істеген қызметкерлері мен Беларусь билігінің репрессиялық әрекетінен кейін елден шығып кетуге мәжбүр болған «Настоящее Время» телеканалы мен «Свободаның» беларусь қызметінің журналистері істейді.

«Жаңа бюролар Ресей мен Беларусь билігінің тәуелсіз журналистердің аузын жабуға әрекет қылғанына қарамастан, бұл өлкелердегі аудиторимыз бен байланысымызды тоқтатпауға мүмкіндік береді. Ресей мен Беларусь азаматтары бізден күтіп жатқан шынайы ақпараттарды жеткізу үшін бұрынғыдан бе белсенді жұмыс істейміз. Өлкелерін тастап кетуге мәжбүр болған журналистерге көмек беріп, сөз бостандығын қолдағаны үшін Литвамен Латвия билігіне ризашылық білдіреміз», — деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай.

6 наурызда Свобода радиосы Ресейдегі қызметін тоқтатқанын жариялаған. 4 наурызда өлкенің Федералдық салық қызметі Мәскеудің арбитраждық сотына шағымданып, медиакорпорацияның Ресейдегі қызметін банкрот деп жариялауды сұраған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Мәскеудегі қызметі («Свобода» радиосы) сол кездегі президент Борис Ельциннің шақыруымен 1991 жылы ашылған.

Биыл 4 наурызда Ресей президенті Владимир Путин қол қойған заңға сәйкес, «қарулы күштерді қолдану туралы жалған мәлімет таратқандарға» қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Оған сәйкес журналист 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Наурыз айының басында Роскомнадзор Азат Еуропа/Азаттық радиосының орыс тіліндегі 9 сайтын бұғаттаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM