Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Азия-Авто» құрылтайшысына іздеу жарияланды, сот оны сырттай қамауға алды

KAZAKBOL.COM

«Азия-Авто» компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге Қазақстанда іздеу жарияланды. Оның үстінен қозғалған қылмыстық істі Шығыс Қазақстан облысының қаржылық қадағалау жөніндегі агенттігі жүргізіп жатыр. Іс «Алаяқтық» бабы (Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі) бойынша қозғалған.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот оны сырттай қамау туралы шешім шығарған.

Анатолий Балушкин — «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. 2020 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниясымен көлік құрастыру жөнінде келісімді бұзған. Ведомство компаниядан 2010 жылдан бері 174 млрд теңге көлемінде (405 млн доллар) алған жеңілдіктерді қайтаруды талап еткен.

Балушкин мен оның командасы мәселені сот арқылы шешуге тырысқан, бірақ 2021 жылдың басында министрлік процесте жеңіске жеткен.

Соның нәтижесінде Қазақстанда мыңдаған жұмысшы жұмыссыз қалған. Ал зауыт көліктің кейбір түрлерін шығаруды тоқтатқан.

2020 жылдың қараша айында баспасөз жиыны кезінде Балушкин «барлық үш зауытта толық тексеру жүргізілсін», «кімнің мемлекет ақшасын алып, кімнің қанша ақша салғанын көрсін» деп мәлімдеген.

Индустрия министрлігі компаниялар тобы көлік құрастыру бойынша келісімде жазылған міндеттерді орындамады деп айтқан. «Азия Авто» құн салығы мен кедендік төлемдерден босатылып, утилизация жарнасын қайтару сияқты ынталандыруға ие болған.

Мемлекеттің мұндай жеңілдігіне «Азия Автодан» бөлек, оның бәсекелесі «СарыаркаАвтоПром» компаниясы да ие. Жуырдан бері бұл кәсіпорынды қытай үкіметі Machinery Import and ExportCorporation компаниясы арқылы бақылауға алған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM