АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі, Халықаралық босқындар жөніндегі ұйыммен бірге, тәжік-ауған шекарасын заңсыз миграциядан, заңсыз қару-жарақ пен ескірткі тасудан қорғауды көздейтін жобаны жұзеге асырады.
Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаға 900 мың доллар бөленіде. Қаражат тәжік-ауған шекарасының инфрақұрылымын жақсартуға, шекара әскеріндегі офицерлерді оқытуға жұмсалады.
Жоба алдағы үш жылда жүзеге асырылады, делінген елшіліктің 4 наурызда таратқан мәлімдемесінде.
Америкалық дипломаттардың пікірінше, бұл жоба АҚШ пен Тәжікстанның қауіпсіздік саласындағы әріптестігінің тағы бір маңызды тармағына айналады. АҚШ 2002 жылдан бері Тәжікстанда шекара қауіпсіздігін нығайтуды көздейтін бірнеше жобаны жүзеге асырған.
KAZAKBOL.COM