Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

БҰҰ Бас ассамблеясы: Эмомали Рахмон ауған тәжіктерінің Ауғанстанды басқаруға араласқанын қалайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясында Ауғанстан үкіметінің құрамына осы елді мекендеген ұлт өкілдері, соның ішінде ауған тәжіктері де кіруі керек деп мәлімдеді. Тәжік президенті көрші елдегі жағдайды аймақ қауіпсіздігіне тигізетін қауіп деп атады.

Тәжікстан Ауғанстанның ішкі ісіне араласқысы келмейді, бірақ тәжік билігі көрші елдегі саяси және қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін инклюзив үкімет құрылуы керек деп есептейді. Мұндай үкіметке Ауғанстандағы барлық саяси топтар, сонымен бірге аз ұлт өкілдері де кіруі тиіс, деп мәлімдеді Эмомали Рахмон.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористер тізіміне енгізген «Талибан» қозғалысының билікке келуі аймақтағы онсыз да күрделі геосаяси үдерістерді одан сайын қиындатып жіберді», – деді тәжік президенті.

Биыл жазда «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстандағы қалаларды басып ала бастады. 15 тамызда тәліптер Кабулға ұрыссыз кірді. Президент Ашраф Ғани елден қашуға мәжбүр болды. Тәліптер Ауғанстан ислам әмірлігін жариялайтынын, ол шариғат заңдарына бағынатынын мәлімдеді. Бірнеше аптадан соң тәліптер өз үкіметін құрды, бірақ оны әлемнің бір де бір елі мойындаған жоқ.

Эмомали Рахмон Ауғанстандағы өзге ұлт өкілдерінің құқықтары аяққа тапталып жатқаны туралы «үндемей отырған» халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарын сынады.

Тәжікстан — Ауғанстанның тәліптермен келіссөз жүргізгісі келмейтін жалғыз көршісі. Душанбе тәліптерді Ауғанстандағы этникалық топтардың құқықтарын аяққа таптады деп есептейді. «Талибан» басшылығы бұны жоққа шығарып отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM