Қазір Украинада адам құқығын бұзу фактілеріне байланысты зерттеу кезінде орыс армиясының геноцид жасағаны туралы дәлелдер таба алмадық деді БҰҰ-ның Украинадағы заң бұзушылықты тергеу жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссия басшысы Эрик Мёсе.
Бірақ Ресейдің Украинаға жасаған кең көлемдегі әскери қылмысы анықталды деді ол.
Арнайы баяндаманы дайындау алдында БҰҰ өкілдері Украинаның 56 елді мекеніне барып, 348 әйел және 247 ер адамнан сұрау алған.
Комиссия азаптау нәтижесінде қаза болған, Ресейдің зымыран шабуылынан қайтыс болған адамдар жөнінде анықтаған.
Украинаның төрт облысы — Киев, Чернигов, Харьков және Сумск облыстарында зорлықпен адам өлімі болған жағдайлар анықталғаны баяндалады. Аталған аймақтарда инфрақұрылымның адам төзгіссіз жағдайда бұзылғаны да есепке алынған.
Құжатта сонымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен адамдар бар екені айтылған.
Комиссия әскери қылмысты жоғары деңгейде қарауға шақырған.
KAZAKBOL.COM