Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Бұзақылық» бабымен іздеу жарияланған президент Рахмонның әйелінің жиені милицияға өзі келді

KAZAKBOL.COM

«Нахш» алтын кен компаниясының басшысы, тәжік президенті Эмомали Рахмонның жиені Амриддин Нахшов кінәсін мойнына алып, милицияға өзі келді. Ол Дангарадағы төбелеске байланысты іздеуде жүрген. Осыған дейін Нахшовтың жеті серігі қамалған.

Тәжікстан ІІМ Амриддин Нахшов 27 мамырда Дангара облыстық ішкі істер бөліміне өз еркімен келгенін хабарлады. Оған «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған. Сот кінәлі деп тапса, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ІІМ мәліметінше, 35 жастағы Амриддин Нахшов қамауға алынған және тергеу ісі жалғасып жатыр.

16 мамырда Нахшовпен бірге бірнеше адам «Фароз» компаниясымен келісім-шарт негізінде жұмыс істеп жатқан «Мину Фарм» компаниясының қызметкерлеріне қол жұмсаған.

Тергеу органдары төбелестен ондаған адамның жарақат алғанын, олардың төртеуі пышақ жарақатын алғанын хабарлады. Жәбірленушілердің арасында сасыр шөбін жинау жөнінде келісім жасауға келген төрт ауған азаматы да болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «Мину Фарм» компаниясының басшысы Сайед Гиёсов Амриддин Нахшовқа сасыр шөбі өскен жер учаскесін беруден бас тартқан. Төбелес осыдан шыққан. Сайед Гиёсовтың ішіне және аяғына төрт жерден пышақ сұғылған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайы қалыпты.

Амриддин Нахшов Тәжікстан президентінің әйелінің жиені. Ол бұрын банкте істеген. Қазір алтын өндіруші «Нахш» кенін басқарады.

«Мину Фарм» компаниясы Тәжікстанда сасыр шөбінен дәрі дайындауға рұқсат алған бірден-бір компания. Бұл компанияның тәжік президентінің күйеу баласы Шамсулло Сохибовқа тиесілі «Фароз» компаниясымен байланысы бар.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM