Бағдадтағы АҚШ елшілігіне әуе соққысы берілген. Қауіпсіздігі өте жоғары «жасыл зона» деп аталатын дипмиссияға үш бірдей снаряд құлаған.
Біреуі елшіліктегі ресторанға құлаған. AFP хабарлауынша, барлығы бес зымыран ұшырылған. Кемінде үш адам зардап шекті деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Елшілік ғимаратына шамалы зақым келген деп хабарлайды АҚШ үкіметінің өкілі CNN телеканалына. Мемлекеттік департамент Ирак билігін «дипломатиялық нысандарды қорғау жөніндегі міндеттемесін орындауға шақырды».
Ирак үкіметі басшысы қызметін атқарушы Әділ Абдул Махди бұл оқиғаны «агрессия» деп атады.
АҚШ елшілігіне шабуылды әзірге ешкім мойнына алмады.
Аймақта жанжал АҚШ Иран генералы Қасем Сүлейманиге әуе соққысын жасап, өлтіргеннен кейін басталды. Тегеран Вашингтонға қатал жауап береміз деген.
KAZAKBOL.COM