Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

БАҚ: Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани Абу-Дабиге қазақстандық ұшақпен қашқан

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірліктеріне 15 тамызда тәліптер Кабулға кірген уақытта қашты.

Ашраф Ғани мінген ұшақ Абу-Дабиге Өзбекстан арқылы ұшқан. Бұл туралы 2 қазанда Hasht e Subh Daily ауған газеті бұрынғы президентпен жақын араласқан дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, Ашраф Ғани мен оның жақындары Термезден Абу-Дабиге 16 қыркүйекте қазақстандық ұшақпен жеткен.

Мәліметтерге қарағанда, 15 тамызда төрт ұшақтағы 54 адам Өзбекстанның Термез қаласында бас сауғалаған. Олардың арасында 22 ұшқыш пен техник және Ғанидің 22 оққағары болған.

«Олардың ешқайсының төлқұжаты болмаған», деп жазды газет.

Ашраф Ғани Термез әуежайына ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Хамдулла Мухиб, президент әкімшілігінің басшысы Фазл Махмуд Фазли және әйелі Рулу Ғанимен келген. Бұрынғы президент пен оның туыстары Термез әуежайында 31 сағат болған. Оны 200 өзбек сарбазы күзеткен.

«31 сағатқа созылған түсініксіздіктен соң, дүйсенбі күні Термез әуежайына мемлекеттің немесе тауар белгісі жоқ жағын ақ ұшақ қонды. Олар (Ғани мен оның туыстары) 60 орындық ұшаққа бірінші көтерілді. Одан соң ұшаққа бізді отырғызды», — деді дереккөз.

Басылым мәліметінше, ұшақ Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшқан.

Flightradar мәліметіне қарағанда, бұл ұшақ қазақстандық FlyJet компаниясына тиесілі. FJK-1255 ұшағы Термезден Абу-Дабиге 16 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-де ұшқан.

Ұшақ бортында 53 адам болған.

«Үш жарым сағаттан соң ұшақ Абу-Даби әуежайына қонды. Ұшақ есігі ашылған уақытта бірнеше араб Ғани мен Мухибпен амандасты. Олар басқа да ресми тұлғалармен, мәселен Фазли мен Рулу Ғанимен амандасты. Содан кейін мен Ашраф Ғаниді, басқа да ресми тұлғаларды көрмедім. Сейсенбі күні таңертең (17 тамыз) БАӘ-нің ресми тұлғалары келіп, бізден қайда баратынымызды сұрады. Олар бізге бұл елде қалуға мүмкіндік жоқ екенін меңзеді. Кейбір ұшқыштың әскери билеті болған. Жақында оларды АҚШ-тың Абу-Дабиде ауған азаматтарына арналған лагеріне жеткізді. Құжаттары жоқтар жолға шығуға мәжбүр болды», — дейді ауған газетінің дереккөзі.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM