Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Ерке Есмаханның қалай танымал болғанын айтып берді. 11 жыл бойы елдегі телеарналар мен бағдарламалар Еркені шақырудан бас тартып келгенін айтқан ол «Ерке — ең қиын жоба» болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бағым Мұхитденованың айтуынша, Еркенің осы күнгі жетістігі — оның талмай еңбек етуінің арқасы.
«Мен Ерке үшін қуаныштымын, Ол өте көп уақыт, 11 жыл бойы жұмыс істеді. Ол талмай еңбек етті, Ерке соған лайықты. Ол біздің қарамағымыздағы ең қиын жоба болды. Осыған дейін оны ешбір телеарна, ешбір бағдарлама шақырғысы келмейтін. Еркені біз телеарнаға күштеп тықтық. Баян екеуіміз ол үшін бар ынта-шынтамызбен күрестік. Ол қазіргі күніне өз күшімен жетті. 11 жыл күтті осы танымалдылықты. Оның бір ғана себебі бар: Еркенің жай ғана кезі келмеді.
Әркімнің жұлдызы жанатын уақыты бар. Бірі екі жыл, бірі үш жыл күтеді. Ал Ерке 11 жыл бойы күтті. Қазір ол осының барлығын қуып жетті. Бұл менің, Баянның істеген жұмысының нәтижесі. Кейіннен «Алло» әні шыққан соң, оны бәрі танып, мойындай бастады. Оның даусының зор екенін біз қанша жыл айтып, түсіндіре алмаған едік», — деп есіне алды Бағым.
KAZAKBOL.COM