Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Бақыттың құпиясы неде

KAZAKBOL.COM

«Өзіңдікін»ізде. Жартыңды емес, міндетті түрде «өзіңдікін».Сіз оны бірден танисыз. Қалай? Бірінші қарағанда әр түрлі болғандарыңызбен, сіздер ұқсас боласыздар!

Көктем телефон соқты! Бақытты, көңілді… Мен одан Қайдасың?-деп сұрадым: Ол маған: «Ия, ия мен міне келе жатырмын»-деді.

Енді ауырмайды- ауырып өткені ғой..

Енді қорқынышты емес- қорқып біткені ғой…

Енді жыламайды- боздап біткені ғой…

Әлі тірі- сынбағаны ғой…

Егер байсалды кейіппен үнемі жүретін болсаң, барлық жақсы энергияны үркітіп жібересің…Келбетіңмен жыми, ақылыңмен күлімсіре-жанға жайлы энергия өзі келіп, барлық келеңсіздікті жуып кетеді.

Барлығын өзіңде жинап, сақтап қиналып жүрсең, қайнау нүктеңе жеткенде «жарылыс» та күштірек болдаы.

Үнемі кешірімді болып, үнемі күтетін, өзі үшін ғана емес, екеуіңіз үшін болашақта жақсы болатынына сенгенді бағалаңдар.

Сенімді адамдар өте аз, оларды жоғалтып алмаңдар.

Тек бақыт қана біздің өмірімізге рұқсатсыз келуіне болады: себебі, оған біз әр уақытта қуаныштымыз.

Егер сіз депрессияда болсаңыз,онда өткенмен өмір сүріп жүргеніңіз. Егер сіз әбігерленіп жүрсеңіз, онда болашақпен өмір сүріп жүрсіз. Егер сіз мамыражай өмір сүрсеңіз. Онда нағыз өмір сүрудесіз.

Бақыт жаныңызда… Өзіңізге мінсіздерді ойлап таппаңыз… Барыңызды бағалаңыз.

Мен тәңіріге рахмет айтамын! Терең дем алып, өз арманымның соңындамын. Мен өмір сүріп жатқан ғалам үшін, Мен жақсы көрген адамдар үшін жақсы көремін.

Өмірде көп қиналған адам біреудің қайғысы мен әлсіздігіне күлмейді, себебі, ол жан жабырқағанының бағасын біледі.

Біздің күшіміз барымызда емес, бере алатынымызда.

Бақыттың құпиясы неде

Бүгін үйден шықсам бір қария өтіп бара жатып менен: «Бақыттың құпиясы неде деп сұрады. Мен: Жоқ, ия неде екен?»дедім. Ол: «Әр адамның желкесінде мұқтаждық отырады, ал мұрныңда сәттілік отырады. Егер сен басыңды салбыратсаң, мұқтаждықтың салмағы асып кетіп, мұрындағы сәттілікті сырғытып жібереді. Егер таңертең ерте тұрғанда мұрныңды көтерсең, сәттілік мұқтаждықты түсіріп кетеді, сенде барлығы жақсы болады, бақыт пен махаббат еш уақытта жоғалмайды…бастысы мұрныңды жоғары ұста»-деді. Осы фраза миымнан шықпайды, есіме түссе жымиямын, осындай адамдар көп болса екен. Міне осындай оқиға. Сонымен бастарыңды жоғары көтеріңдер, достар!

Қазір бізде бәрі бар: жауқазындар желтоқсанда, мандариндер мамырда. Бірақ, адамдарда адамгершілік пен нәзіктік жетіспейді. Кеудеңізге жаман және ауыр ойларды жинамаңдар. Жан дүниең жинақ сандықшасы емес, ол жарық жәнетаза болсын.


Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM