Вашингтон Украинаға қосымша 800 миллион долларға қару-жарақ береді.
Осылай деп АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның Мадридтегі саммитінен кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
Ол айтуынша, көмек аясында Киевке зымыраннан қорғану жүйесі, қосымша артиллериямен оқ-дәрілер және артиллерияға қарсы радарлар беріледі.
«Біз Украинаны қанша керек болса, сонша қолдаймыз. Путин біздің Альянсқа жік салып, оны әлсіретем деп ойлады. Бірақ расында бәрі керісінше болды. Ол НАТО-ны «финляндияластырам» деп ойлаған, бірақ Финляндия «НАТОласты», – деді Байден.
АҚШ президенті Швеция мен Финляндия қосылғаннан кейін, НАТО шекарасы 800 мильға дейін кеңейетінін мәлімдеді
Мадридтегі саммит декларациясына сәйкес, әскери альянс лидерлері Финляндия мен Швецияға НАТО-ға мүше болуға ресми шақырту жіберу жөнінде шешім қабылдады.
Мәскеу Украинаға басып кіруінің бір себебін «НАТО шығысты кеңейтпек» деп атаған.
KAZAKBOL.COM