АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйекте Пенсильваниядағы өрт сөндіру аймағына барғанда Ауғанстандағы ұшаққа жармасып, ұшып өлгендер туралы пікірін білдірді. Онда ол «егер біз С-130 ұшағымен Тәжікстандағы адамдарымызды алып кететін болсақ, шассиге жабысқандар болушы еді», — деген.
Байденнің бұл сөздеріне қарсылық білдірген Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі 14 қыркүйекте Құрама Штаттардың Душанбедегі елшісін шақырып, нота тапсырды. Тәжік тарап «мұндай сөз екі елдің достығына және ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес келмейді» деген.
АҚШ елшілігі наразылық нотасы жайында ешқандай түсініктеме бермеді.
15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулді басып алған. Тәліптерден қорыққан мыңдаған халық Кабул әуежайы арқылы елден шығып кетуге әрекет еткен. Олардың арасында АҚШ ұшақтарына жармасып, әуеге көтерілген кезде, құлап қаза болғандар бар.
KAZAKBOL.COM