АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украинаға көмектесу үшін 37 миллиард 700 миллион доллар бөлуді сұрады. Оның 21 миллиард долларын украин армиясы үшін қару-жарақ сатып алуға жұмсамақ.
Алты ай бұрын конгресс Украинаға көмек ретінде 40 миллиард доллар бөлген.
Байден әкімшілігі өкілдерінің сөзінше, ол ақшаның 18 млрд-ы Украина әскерін қаруландыруға жұмсалған. Байденнің жоғарыдағы ұсынысын конгресстің қазіргі құрамы қарауы тиіс. Қазір онда демократтар басым.
2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап конгресстің жаңа шақырылымы жұмысқа кіріседі. Онда Өкілдер палатасының негізгі құрамы Республикашылдар болмақ.
«Конгрессте екі партияның үлкен қолдауының арқасында Украинаға жеткілікті көмек бере алдық. Нәтижесінде Украина соғыс алаңында мақсаттарына жетіп жатыр. Біз көмек беру тоқтап қалғанын қаламаймыз», — деген Байден әкімшілігінің бюджет басқармасының басшысы Шэланд Янг Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге жолдаған хатында.
Бұл қаржы әскери көмектен басқа Украинаға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек ретінде жұмсалмақшы.
KAZAKBOL.COM