Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЗӘРУ

KAZAKBOL.COM

Семейдегі биологиялық орталықтың айналасындағы шу әлі де басылар емес. Бір күні сілеусінді қасқыр талап өлтіреді. Екінші күні пониды директордың тапсырмасымен бауыздап, етін сатып жібереді. Балаларға арналған орталықта өзі не болып жатыр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ересектерді былай қойғанда Семейде балаларға баратын жердің өзі саусақпен санарлық. Соның бірі биологиялық орталық. Бұл мекемеде аң-құс пен жан-жануардың 300- ге тарта түрі бар. Күні кеше осы жерде «пониды сойып, етін орталық қызметкерлері бөліп алды» деген ақпарат тарады. Валерий Дядов ақпарат көздері төндіріпті жазды, дейді.

ВАЛЕРИЙ ДЯДОВ, БАЛАЛАР БИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ол жылқының бізге қажеті жоқ болды. Орталықта артық орын алып тұрды. Түйенің ботасы бір жыл бойы анасымен бір жерге қамалды. Оны бөлек шығару керек еді. Сойылған жануардың етін саттық, түскен табыс орталықтың банктегі шотына түсті. Үкіметтің мектептен тыс мекемелердің жұмысына қатысты қаулысына сәйкес біздің ондай құқығымыз бар. Бұл жерде былық болып жатыр деп ойлаған адамдар қателеседі. Барлығы тәртіпке сәйкес істелді».

Бұл сілеусін Семейдің Океан ауданындағы тұрғын үйдің жертөлесінде қолға түскен еді. Жабайы аңды ветеринар мамандар ұстап, биологиялық орталыққа орталастырған. Мұндағы мамандар сілеусінге күніне 3 келі ет беру керектігін бірден айтыпты. Қорекке бір жылға шаққанда 1 миллион теңгедей қажет екен. Қаражатты былай қойғанда аңды қамайтын артық орын да жоқ. Амалдың жоқтығынан қасқырдың валтеріндегі кішкентай үйшікке орналастырыпты. Соңы қайғылы жайтпен аяқталды.

«Вот уже өліп қалыпты. Аяғынан ұстап алыпты».

«Қасқыр сілеусінді өлтірді!» деп жазбаған ақпарат көзі мен адам қалмады. Тіпті, кейбір азаматтар жабайы мысықтан кешірім сұрап та жатты.

«Қызыл кітапқа енген сілеусінді қалай қасқырлардың қасына қамап қоюға болады? Қауіп бар екенін білді ғой. Оданша дала кезіп жүре бергені жақсы еді».

«Неге оларды бөлек ұстамайды? Белгліі бір талаптар бар шығар. Ал енді міне қасқыр сілеусінді өлтіріп тастады».

«Рекс! Ух ты хулиган! Натворил делов! Звездой стал!».

Звезда атанған қасқырдың да кінәсі жоқ. Директордың айтуынша сілеусін тек бір күн ғана түнеп, кейін оны табиғатты қорғау қызметкерлері алып кетуі керек еді. Бірақ, олар сол беті төбе көрсетпеген. Ветеринария саласының мамандары бұл заңда реттіліктің болмауынан, дейді.

СЕРІК ТҮСІПОВ, ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МУ ВЕТЕРИНАРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Ол кезде бізде мал дәрігері ретінде оларды қарап, тіркеп инфекциялық ауруы бар ма, басқа ауры бар ма қарастырып , тексеріп ол бізде бақылауда тұратын. Әр малдың, әр аңның санын білетінбіз. Қазір контроль жағы әлсіреп қалды. Сондықтан осы жағынан бір бағдарлама керек шығар. Енлі ол бір кісінің қолынан келмейді».

Ал, орталық директоры әлеуметтік желіде дабыл қағып, сілеусін мен пониды аяғандар бір рет болсын төбе көрсетіп, қол ұшын созбағанын ашық айтты. Құрғақ сөзбен қуырдақ қуырғанда алдарына жан салмайтындар, іске келгенде балаларға арналған орынға жаны ашитыны шамалы екен.

ВАЛЕРИЙ ДЯДОВ, БАЛАЛАР БИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Азаматтардан көмек сұраймыз. Интернетті ашып қалсаңыз соңғы жаңалықтарға қатысты ақпарат жан жақты талқыланып жатыр. Айту, сынау әрине оңай. Ал осы балалар орталығына кім қол ұшын созды. Ешкім де жағдайдың оңалуы үшін түк істемеді. Кеңес одағы кезінде кәсіпорындар қолғабыс тигізетін. Бұл күні өз күнімізді өзіміз көріп отырмыз».

Биологиялық орталыққа жылына 160 мыңдай адам келіп кетеді. Әсіресе балаларын ертіп әкеліп, таза ауада тыныстауды ұнататындардың сүйікті орнына айналған. Енді міне, соңғы жаңалықтарға байланысты бұл жер жабылып, аң-құсты басқа қалалардағы зообақтарға таратып жіберуі мүмкін деген ақпарат шығуда. Орталық жабылса семейліктер баратын онсыз да аз орындардың бірі қысқарады деген сөз.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM