Жақып Асанов. Фото prokuror.gov.kz
«Күн тәртібінде өзекті мәселе бар. Ол – адамдарды азаптаумен күресу. Бұл адамға қарсы жасалатын ең қатыгез, ең аяусыз қылмыс. Кейбір қызметкерлеріміз қолындағы билікті асыра пайдаланып, азаматтарымызды қинайды, ұрып-соғады. Арын аяққа басады. Шындықты айтсақ, бұл – сұмдық. Бұл ХХІ ғасырда орын алып жатыр», — деді форумда сөз алған Жақып Асанов.
Бас прокурор бірнеше мысал келтірді. Қарағандыда Синявин деген азаматты азаптағаны соншалық, ол эпилепсия ұшырап, салдарынан мүгедек болып қалған.
«Слекишинаға қатысты оқиғаны бүкіл республика біледі. БАҚ жарыса жазды. Тек осы бір Слекишинаға қатысты оқиға бүкіл құқық қорғау жүйесіне кір келтірді. Бұл тек ашылған қылмыстар. Ал қанша қылмысты біз білмейміз. Дәлелсіз кейбір қылмыстар қалып жатыр», — дейді ол.
Оның айтуынша, азапқа ұшырағандар өмір бойы билікке өкпелі. Олар билік қорғаудың орнына қорлайды деп есептейді.
«Осыдан кейін қандай бізге халық тарапынан қандай сенім болуы мүмкін? Сондықтан біз осы мәселемен айналысып жатырмыз», — деді Асанов.
KAZAKBOL.COM