Вьетнамдық жануарларды үйретушінің бетін сахнадағы қойылым кезінде қолтырауын жұлып ала жаздады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Кадрде үйретуші басын жыртқыштың аузына қояды, бірақ жыртқыш иесінің бетіне жармасып, оны ары-бері жұлқылай бастайды.
Абырой болғанда, жақ сүйегін жаралаған үйретуші аман қалды.
«Бұл трюкті үнемі қайталап жүрген қолтырауын осыдан бірер күн бұрын қайтыс болған, сондықтан тәжірбиесі жоқ жануарды орнына алмастырғанбыз», — дейді цирк өкілі.
Ескерту! Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға көруге болмайды!
KAZAKBOL.COM