Жаңа 2019 оқу жылының бастамасы алдында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакировтың нұсқауымен әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару-жарақ пен әскери техника тапсырылып, қауіпсіздік шаралары бойынша кешендік сабақ өткізілді.
Әскери қызметшілер үшін әскери салттар ерекше мақтаныш туғызады. Осы күндері, әскери салттардың бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өткізіліп, түрлі лауазымдағы жауынгерлерге жеке қару мен әскери техникалар сеніп тапсырылды. Бұл шара әскерилерді өз қаруын ұқыпты ұстауға, сүюге және жауапты болуға баулыйды.
Қауіпсіздік ережелерін жеткізу бойынша кешендік сабаққа Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарының барлық әскери қызметшілері қатысты. Олар үшін арнайы 13 оқу орыны әзірленді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамға қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, өрт жағдайлары мен күнделікті тіршіліктегі жарақаттану жағдайларын болдырмау, олар орын алған жағдайда қажетті іс-шараларды болдырмау, жауынгерлік даярлық, құрылыс, қызмет көрсету және парктік-шараушылық жұмыстары кезінде болуы мүмкін түрлі факторларды ескерту болып табылады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының штаб бастығы подполковник Руслан Кубашевтің айтуы бойынша: «Бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері жаңа оқу жылына толықтай дайын. Барлық әскери техникалар қысқы пайдалану жағдайына келтірілді, құжаттама және оқу-материалдық база әзір, сондай-ақ әскери полигондар қауіпті жарылғыш заттардан тазартылып, кез-келген жиіліктегі оқу-жаттығуларды өткізуге дайын. Әскери бөлімнің қажет деңгейіндегі қорлары қалпына келтірілді».
Қару Кштердің алдағы 2019 оқу жылы Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне кейін басталып, «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» ұранымен өтеді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы
Басқармасыныңбаспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов
Байланыс: +7-777-641-11-72(Whatsapp)