Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жаңа оқу жылына дайын (фото)

KAZAKBOL.COM

Жаңа 2019 оқу жылының бастамасы алдында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакировтың нұсқауымен әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару-жарақ пен әскери техника тапсырылып, қауіпсіздік шаралары бойынша кешендік  сабақ өткізілді.

Әскери қызметшілер үшін әскери салттар ерекше мақтаныш туғызады. Осы күндері, әскери салттардың бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өткізіліп, түрлі лауазымдағы жауынгерлерге жеке қару мен әскери техникалар сеніп тапсырылды. Бұл шара әскерилерді өз қаруын ұқыпты ұстауға, сүюге және жауапты болуға  баулыйды.

Қауіпсіздік ережелерін жеткізу бойынша кешендік сабаққа Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарының барлық әскери қызметшілері қатысты. Олар үшін арнайы 13 оқу орыны әзірленді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамға қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, өрт жағдайлары мен күнделікті тіршіліктегі жарақаттану жағдайларын болдырмау, олар орын алған жағдайда қажетті іс-шараларды болдырмау, жауынгерлік даярлық, құрылыс, қызмет көрсету және парктік-шараушылық жұмыстары кезінде болуы мүмкін түрлі факторларды ескерту болып табылады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының штаб бастығы подполковник Руслан Кубашевтің айтуы бойынша: «Бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері жаңа оқу жылына толықтай дайын. Барлық әскери техникалар қысқы пайдалану жағдайына келтірілді, құжаттама және оқу-материалдық база әзір, сондай-ақ әскери полигондар қауіпті жарылғыш заттардан тазартылып, кез-келген жиіліктегі оқу-жаттығуларды өткізуге дайын. Әскери бөлімнің қажет деңгейіндегі қорлары қалпына келтірілді».

Қару Кштердің алдағы 2019 оқу жылы Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне кейін басталып, «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» ұранымен өтеді.

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасыныңбаспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72(Whatsapp)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM