Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс елдері Ресейді SWIFT-тен ажыратуға келісті» – Украина СІМ

KAZAKBOL.COM

Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook-тегі парақшасында айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ресми шешім әлі рәсімделмеген, бірақ шешім қабылдауға және осы санкцияны енгізуге техникалық дайындық басталды», – деп жазды Кулеба.

Ол мыңдаған адамға, оның ішінде, осы шешімді қабылдау үшін үкіметтеріне қысым жасап жатқан украиналық диаспораға алғыс айтты.

«Бұл жеңісті украиналық дипломаттар Украинаны қорғаушыларға арнайды», – деді Кулеба.

Сенбіде Еуроаймақ елдерінің бірінің орталық банкінің басшысы аноним түрде Reuters агенттігіне Ресейді SWIFT-тен ажырату туралы шешім бірнеше күн ішінде қабылданатынын айтты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM