Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook-тегі парақшасында айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Ресми шешім әлі рәсімделмеген, бірақ шешім қабылдауға және осы санкцияны енгізуге техникалық дайындық басталды», – деп жазды Кулеба.
Ол мыңдаған адамға, оның ішінде, осы шешімді қабылдау үшін үкіметтеріне қысым жасап жатқан украиналық диаспораға алғыс айтты.
«Бұл жеңісті украиналық дипломаттар Украинаны қорғаушыларға арнайды», – деді Кулеба.
Сенбіде Еуроаймақ елдерінің бірінің орталық банкінің басшысы аноним түрде Reuters агенттігіне Ресейді SWIFT-тен ажырату туралы шешім бірнеше күн ішінде қабылданатынын айтты.
KAZAKBOL.COM