Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Батыс санкциялары ресейлік компаниялардың 87 пайызын қамтыды

KAZAKBOL.COM

Ресейге қарсы жарияланған санкциялар жергілікті компаниялардың шамамен 87 пайызын қамтыды. Олардың дені өзгерістерге бейімделуге әрекеттеніп жатыр.

Дегенмен 12 пайызға жуығы кәсіпті толықтай немесе жартылай тоқтатуға мәжбүр болды. «Ресейдегі бизнестің қазіргі жағдайы» деп аталатын баяндамада осындай мәліметтер бар. Есепті Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов дайындады, деп хабарлады РБК.

Зерттеуге қатысқан кәсіпкерлердің он пайызы ғана бизнесі тұрақты екенін айтқан. Кәсіпкерлердің үштен екісі экономикалық дағдарыс салдарын сезгенін мәлімдеген. Респонденттердің 62 пайызы сұраныс күрт төмендегенін атаған. Тауар дефициті, транзиттің қиындауы, шетелден тауар алдыра алмау да Ресейде кәсіп жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Биыл 24 ақпанда Ресей Украина аумағына басып кірген соң Батыс елдері Кремльге қарсы бірнеше дүркін санкция жариялады. Батыстың жүздеген компаниясы Ресей нарығын тастап кетті. Сарапшылар Ресей экономикасы рецессияға ұшырап, инфляция өсіп, елде жұмыссыздар көбейеді деп болжайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM