Баян Есентаева желідегі парақшасында 20 жыл бұрынғы «Емрен» атты топтағы «Ғашықпын» әнінің клипінен үзінді жариялады. Видеоны көрген желі қолданушылары продюсердің жас кезіндегі даусына тәнті болып, сұлулығына сүйсінді.
«Керемет клип. Жас кезіңізде сұлу болғансыз!», «Даусыңыз қандай әдемі! Ән айтпай кеткеніңіз өкінішті», «Экраннан өткен жері күшті екен», «Сол кезде «Кешью» болып жүріпсіз ғой», «Кезінде қоймай қараушы едім осы клипті. Тамаша!», -деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, Баян Есентаева продюсерліктен бұрын әнші болып, бірнеше бейнебаян түсірген.
KAZAKBOL.COM