Беларусь Республикасында жаңа Конституция жөніндегі референдум 27 ақпанға белгіленді. Жарлыққа 20 қаңтарда Александр Лукашенко қол қойды. Бюллетенде жалғыз ғана сұрақ болады.
Референдумға қатысушылар Конституцияға енгізілетін ұсыныстарды мақұлдайтынын, не мақұлдамайтынын шешуі тиіс. Дауысқа салынған шешім баспасөзде жарияланған соң он күн ішінде күшіне енеді.
Конституцияға ұсынылған өзгерістер 22 беттен тұрады. Парламенттің президентке импичмент жариялау құқығы жойылады. Шетелде тұратындар президент қызметіне үміткер бола алмайды. Бұрынғы президент өмір бойы тиіспеушілік құқығына ие болады.
Жаңа Конституция Лукашенкоға билікте қалуға мүмкіндік береді.
KAZAKBOL.COM