Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Белгілі жазушы: Орамал жамылып, паранжа киіп алу имандылықтың, мұсылмандықтың белгісі емес

KAZAKBOL.COM

Конференциядан фото Baq.kz

Паранжа киіп немесе орамал жамылып алу имандылықтың, жалпы мұсылмандықтың көрсеткіші емес. Шын мұсылманның Құдайы жүрегінде – дейді белгілі жазушы Шәрбану Бейсенова.

Бұл пікір Астанада «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріндегі қоғамдық институттардың рөлі» тақырыбын арқау еткен республикалық конференция барысында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Соңғы жылдары қоғамдағы ең өзекті мәселеге арналған бұл жиында да сан алуан пікірлер айтылды. Мәселен, осы конференцияның өтуіне мұрындық болып отырған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин:

«Ең бастысы тәрбиелі, сауатты ұрпақ өсіру. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан бірінші кезекте жастардың білімі мен тәрбиесіне көңіл бөліп, ұрпақ бойына патриоттық сезім сіңіруіміз керек», — дейді.

Осы жиынға арнайы шақырылған жазушы Шәрбану Бейсенова имандылықты мешіттерден емес, әркім өз жүрегінен іздеуі керек деген пікір айтты.

«Орамал жамылып, пәрәнжі киіп алу имандылықтың, мұсылмандықтың белгісі емес, біздің иманымыз жүрегімізде. Орыстың құдайы — шіркеуде, Будданың құдайы — үйінде, ал біздің, яғни мұсылманның құдайы – жүрегінде! Біз осыны мықтап түйіп алуымыз керек. Баланың медреседе оқығаны жақсы, бірақ, әуелі сауатын ашып, біліммен нәрлендіріп, дұрыс тәрбие беріп алуымыз керек. Әртүрлі мәселемен жастардың басын қатырмау керек», — деді Бейсенова.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM