Ол модельдік бизнестің стереотиптерін быт-шыт қылды. Бұл бизнеске мүсінінде мін жоқ қыздар ғана емес, толық қыздар да бара алатынын дәлелдеп жүр. Ол өзінің мүсініне көңілі толмай жүрген толық қыздарды өзінен үлгі алуға шақырады.
Модель болам деп өзін аштан қатырып, анорексияға шалдығып жүрген қыздар көбейіп келеді.
Сондықтан Стефании Феррарио өзінің толықтығына қарамастан, өзі бизенске бет бұрып, бәрі басқаша болуы мүмкін екенін дәлелдемек болған.
Бұл 23 жастағы бойжеткен Австралияда тұрады. Ол модель.
Бойжеткен негізінен түсірілімдерге іш киіммен түседі.
Ол өзінің толықтығынан қылысып, қымтырылмайды.
Ол өзінің толықтығынан е қылысып, қымтырылмайды.
Instagram желісіндегі парақшасында ол адамдарды өзінің мүсініне сүйіспеншілікпен қарауды шақырады.
Қатып қалған қалыпқа ұмтылмай, өзіңді сол күйінде қабылдау керектігін ұдайы айтып жүр
«Мен модельмін. Өкінішке қарай, модельдік бизнесте денеңнің салмағың сәл артық болса, онда оларды үлкен салмақты қыздар деп атап айтады. Мен бұны құқықбұзушылық деп санаймын», — деді ол.
KAZAKBOL.COM