Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Белсенді Асқар Сембай екі айға қамалды

KAZAKBOL.COM

13 мамырда Астана соты белсенді Асқар Сембайды екі айға қамау туралы шешім шығарды. Шешім сенбі күні түнгі сағат 10-ға таман шыққан. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, істің ашылуына белсендінің былтыр 7-17 қараша күндері желіде жазған жазбалары түрткі болған.

Асқар Сембайды полиция 12 мамырда ұстап әкеткен еді. Бұған дейін адвокаты оны 405-бап 2-бөлігі бойынша («тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» бабы) уақытша қамау изоляторында ұстап отырғанын хабарлаған. Tirek.info сайтының мәліметінше, полиция жұма күні белсендіні түсіндірместен және құжаттарын көрсетпестен ұстап алып кеткен.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Tirek.info сайтындағы мәліметке қарағанда, Асқар Сембай азаматтардың құқықтарын талап еткен бейбіт жиындарға қатысып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған. Адвокаттың айтуынша, белсенді 2019 жылдан бері 15 рет әкімшілік жазаға тартылған.

2020 жыл тіркелмеген «Көше» партиясына байланысты тергелген. Астана соты «Көше партиясы» мен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалыстарын «экстремистік ұйым» деп танығанмен Еуропарламент оларды «бейбіт оппозициялық ұйым» деп таныған.

Қазақстанда бұған дейін жүздеген белсенді осы екі ұйымның ісіне қатысы бар деген айыппен сотталған. Олардың көбін құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM