Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Билік қант тапшылығын Ресейдің экспортқа тыйым салуымен түсіндірді (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстандағы аймақтардың бірқатарының билігі қант саудасына шектеу енгізуге мәжбүр болды: адам басына бір келіден артық сатылмайды.

Қазақстандағы қант бағасы сауда желілері мен әлеуметтік-азық-түлік корпорациялары арасындағы арнайы келісім көмегімен бақыланады. Жергілікті әкімшіліктермен тиісті келісімі бар рейтерлердің бағаны көтеруге құқығы жоқ — олардағы қант бірден таусылып қалып жатыр. Кондитер өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын Шымкенттегі фабрикасының жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Ресей қант экспортына тыйым салған уақытта Қазақстанда осы тауардың тапшы екені бірден білінді. Көрші ел шектеу енгізгелі бері Қазақстанда қант 90 пайызға қымбаттады.

Маусым айының басында премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елде қант тапшы екенін мойындап, бқны Ресейдің қант экспортына салған тыйымымен түсіндірді.

Кейін сауда министрлігінің комитеті елде қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеді: үш зауыт толық жұмыс істеп тұр, 60 мың тонна қант қоры бар.

10 маусымда кондитерлік өнімдер шығаратын «Лотте Рахат» компаниясы Шымкент қаласындағы фабрикасының жұмысын қант тапшылығына байланысты тоқтатқанын хабарлады. Фабриканың басқарма төрағасы Константин Федорецтің айтуынша, Ресей наурыз айында Еуразия экономикалық одағы елдеріне жаздың аяғына дейін қант шығаруға тыйым салған соң елде қант тапшы бола бастады. Сол себепті компания қант көп қажет ететін кондитерлік өнім түрлерінен уақытша бас тартқан.

— Қант тапшылығына байланысты Шымкенттегі фабрика тоқтап тұр. Әзірге біз оны шілденің аяғына дейін жаптық. Шілдеде қант келсе, жұмысты қайта жалғастырамыз, — дейді Константин Федорец.

Қазақстан 23 мамырда елден шетелге қант алып шығуға жарты жылға тыйым салды. Жергілікті БАҚ елдің Ресей экспортына тәуелді аймақтарында қант тапшы екенін жазды.

Орталық Азияның басқа да елдерінде, әсіресе Тәжікстан мен Өзбекстанда да қант қымбаттады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM