Тамыз айының басында қарбыз сатып тұрған жерінен қымбат көлікке мініп кеткен Ерхан Тілеумбетовтің мәйіті табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Ерханның қаза болғанын 28-ші қыркүйекте хабарлады. Қазір полиция қызметкерлері медициналық сараптама жүргізіп жатыр», — деді Ерхан Тілеумбетовтің әйелі Маржан Ошақова.
Туыстарының айтуынша, мәйіт Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі маңынан табылған. Оны киім-кешектері арқылы біліп, танып жатыр.
KAZAKBOL.COM