1 наурызда сотқа дейінгі өндіріс аясында коррупция ісі бойынша Экономикалық қылмысқа қарсы күрес бойынша мемлекеттік қызметтің (қаржы полициясы) Бішкек қалалық басқармасының басшысы ұсталды.
Ақпаратқа қарағанда, қаржы полициясының қызметкерлері елден ірі сомадағы қаржыны шығару бойынша коррупциялық схеманы ұйымдастыруға қатысқан.
Оған сәйкес, 2020 жылы наурыздан қазан айына дейін елден 59,5 млрд сом шығарылып келген. Салықтан қашу бойынша мемлекет бюджетіне 500 млн сом (5,9 млн доллар) шығын келген.
«Алынған мәліметтер бойынша қаржы полициясының қызметкерлері бұл заңсыздықты жасыру үшін 180 млн сом пара алған. Күдікті тергеу абақтысына қамалды», — делінген қаржы полициясы таратқан мәліметте.
KAZAKBOL.COM