Бішкек қаласының басшылығы екі несие келісіміне 370 жаңа автобус сатып алады. Бұл туралы 22 ақпанда қала басшысы Айбек Жунушалиев Жогорку Кенеш комитетінің отырысында мәлімдеді.
Шенеуніктің айтуынша, Азия даму банкі 50 млн доллар бөлуге келіскен.
«Тағы 650 мың доллар инфрақұрылымды жақсартуға аударылады. 25 млн – жеңіл несие, 25 млн 650 мың доллар – грант. Осы қаражатқа біз 120 электробус сатып аламыз», — деді қала басшысы.
Екінші жоба – Еуропаның қайта құру және даму банкінің несие ретінде бөлетін 33 млн евросы. Соның 8 миллионы грант, 25 млн евросы – несие.
«Біз келісімді мақұлдауға жолдадық, бірақ жұмысты бастап кеттік, тендер жарияладық. Газбен жүретін 250 автобус сатып аламыз», — дейді Жунушалиев.
Қала басшысының айтуынша, Бішкекке 1500-1700 автобус қажет, осы мақсатқа қала бюджетінен 1,5 млрд сом қарастырылған. Шенеуніктің мәлімдеуінше, автобустарды отандық кәсіпорындардан сатып алу мәселесі де қаралады.
Бішкек әкімдігінің мәліметінше, баланста 476 көлік бар, алайда 300 автобус істен шыққан. Қазір қалада бар болғаны 130 троллейбус пен 82 автобус жолаушы тасып жүр.
KAZAKBOL.COM