Бішкек тұрғыны ауғандық жігітпен жүрген бейтаныс қызды ұрып тастады. Бұл туралы Кaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Аталмыш жайттың видеосы Владимир Цай есімді азаматтың парақшасында жарияланған.
Оқиға Ош базарының маңында бірер күн бұрын болыпты. 20-25 жас шамасындағы жігіт қырғыз ұлтының қызына ауғандық азаматпен жүргені үшін қол көтерген.
Бұған бей-жай қарай алмаған тұрғындар бойжеткенді ұрған жігіттің әрекеті дұрыс емес екенін айтып, таяқ жеген қызды қорғаштайды. Ал жігіт болса бұл қылығын өзінің көзқарасы мен «ұстанымдары» арқылы түсіндірген.
Бірнеше минутқа созылған әңгімеден кейін Ош базарының тәртіп сақшылары жас жігітті өз бөлімшелеріне қарай алып кетеді.
KAZAKBOL.COM