Бішкектің Емен бағында Украинаны қолдау акциясына шыққандарды милиция қызметкерлері ұстап әкетті. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Гүлшайыр Абдирасулова хабарлады.
Оның сөзінше, ұсталғандарды Бірінші май аудандық ішкі істер департаментіне апарған.
«Олардың ұялы телефонын тартып алған. Ішкі істер министрі, ескерткішке гүл шоқтарын қоюға да болмайды ма, осыны түсіндіріп беріңізші?», — дейді құқық қорғаушы.
Бішкекте тұрып жатқан Ресей азаматы Станислав Захаркиннің айтуынша, соғысқа қарсы акцияға шыққан бес досын да милиция қызметкерлері ұстап әкеткен.
Тура осыдан бір жыл бұрын, 24 ақпанда Ресей Украинаға «арнайы операция» деген желеумен басып кірді. Бір жылдан бері он мыңдаған адам қаза тауып, миллиондаған адам қайғы жұтты.
KAZAKBOL.COM