Қырғызстан астанасының бұрынғы басшсы Азиз Суракматов тергеушілермен ортақ келісімге келді, Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі 16 шілдеде хабарлады.
Мәліметке қарағанда, 1-май аудандық соты Суракматовты тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатқан.
«Суракматов Бішкекке қарасты жер телімдерін заңсыз бөлу оқиғасы бойынша куәлік беріп, 170 млн шығынның 150 млн сомын төледі. Қалған шығын жоспар бойынша төленеді», — делінген ҰҚМК хабарламасында.
Бұның алдында арнайы қызмет төрағасы Камчыбек Ташиев тергеудегі Азиз Суракматов 150 млн сом (1,7 млн доллар) шығынның 125 миллионын төлегенін айтқан.
Бішкектің бұрынғы басшысы Азиз Суракматов биыл 26 мамырда жемқорлық пен заңсыз баю айыптарымен ұсталды. Арнайы қызмет бұрынғы саясаткердің дәулетін 4 млрд сомнан асады, оның бір бөлігі жемқорлықпен жиналған деген қорытынды жасаған.
Сол кезде 1-май аудандық соты Суракматовты екі ай, 26 шілдеге дейін комитеттің тергеу изоляторында ұстау жөнінде шешім шығарған.
KAZAKBOL.COM