Мемлекеттік бюджет есебінен вакциналаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры дертімен ауыратындар өтеді.
Алдағы дүйсенбіден Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцина егу шаралары басталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Қазақстанға аталған вакцинаның 2 миллион дозасы жеткізілді, соның 1,5 миллионы 1 миллиард 200 миллион теңге сомасында республикалық бюджет қаржысына сатып алынды. Тағы да 500 мың доза жұмыс берушілер мен тұрғындар тарапынан жасалған өтінім бойынша тапсырылды.
«Жақында біздің халықтың иммуналогиялық мәртебесіне зерттеу жүргіздік. Бұл тұрғыда Қазақстан халқының 20 пайызында тұмаудың аталған штаммдарына иммунитетінің жоқтығы анықталды. Сондықтан вакциналау маңыздылығы байқалып отыр», — деді комитет басшысы.