Тәжікстан делегациясы Сирияның солтүстігіндегі «Родж» босқындар лагерінде болды. Делегация мүшелері бірнеше жылдан бері осы лагерде отырған тәжік әйелдерімен кездесті.
Озоди радиосы дереккөзінің хабарлауынша, делегация мақсаты — жиырмаға жуық әйел мен баланы елге қайтаруға күш салу. Сириядағы «Әл-Хол» және «Родж» лагерлерінде 600-ге жуық тәжік әйелі мен баласы отыр. Тәжікстан делегациясының мүшелері «Родж»лагеріндегі тәжік әйелдерімен әңгімелесті, дейді дереккөз.
«Роджда» отырған екі әйелдің Озоди радиосына хабарлауынша, Тәжікстаннан келгендер олардың аты-жөнін жазып алып, елге қайтаруға көмектесуге уәде берген.
Тәжікстанның Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода тәжік делегациясының «Роджда» болғанын растады.
Сириядағы босқындар лагерлерінде отырған әйелдердің көбі бұл елге «Ислам мемлекеті» сотырлар тобына қосылған күйеулеріне еріп келгенін айтты. Олар бұл аймақта не болып жатқанын білмедік деп отыр. Ер азаматтар Сирия мен Иракқа соғысуға барғанын бәрі жақсы біледі, деп есептейді сарапшылар.
Сириядағы босқындар лагерлерінде отырған тәжік әйелдері 2018 жылдан бері елге қайтуға талпынып жатыр.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон былтыр 9 сәуірде Сириядағы 500 тәжік әйелі мен баласы елге қайтарылады деп мәлімдеген.
2019 жылы тәжік үкіметі Ирактағы 80-нен аса баланы елге қайтарған.
KAZAKBOL.COM