Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Блинкен Орталық Азия елдеріне 25 млн доллар көлемінде көмек берілетінін айтты

KAZAKBOL.COM

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға барған сапары кезінде Ресейге тәуелділігін әлсірету үшін Орталық Азия елдеріне көмек көрсетілетінін жеткізді.

Орталық Азия елдерімен бірлескен С5+1 дипломатиялық саммитіне қатысқан АҚШ мемлекеттік хатшысы аймаққа 25 миллион доллар көмек ретінде берілетінін айтты.

Ресейдің Украинаға әскери шабуылы тұсында Құрама Штаттар Орталық Азияның «егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы маңызды» екенін атап өтті.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Блинкеннің сапарын екі ел арасындағы «стратегеялық ынтымақтастыққа қосымша серпін беретін маңызды кездесу» деп атаған.

С5+1 саммиті 2015 жылдан бері бірнеше рет өкізілді. Бұл жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері қатысады.

Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде Блинкен Қытай адресіне Ресейге әскери көмек көрсететін болса салдары ауыр болатынын айтып, тағы ескерту жасады.

28 ақпанда кештетіп АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстанға ұшып кетті. Одан әрі «G20» саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM