Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II-нің ұлы ханзада Эндрю король отбасындағы ресми міндеттерінен босатуын сұрады. Бұған ханзаданың америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен таныстығы себеп болды. Эпштейнді кәмелет жасқа толмағандарды сексуалды құлдыққа салды деп айыптаған.
Тамыз айында Эпштейн Нью-Йорк түрмесінде өз-өзіне қол жұмсады.
Букингем сарайының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде ханзада Эндрю мұндай шешімді өзі қабылдағаны айтылды. Дегенмен патшайым отбасының биографы Роберт Лейси ханзадаға қысым көрсетілген деп есептейді. Бұл туралы Times басылымы жазды.
Бұның алдында ханзаданың Би-би-си телеарнасына сұхбаты жарияланған. Онда Эндрю Эпштейнмен достығын ақтауға тырысқан. Көпшілікке ханзаданың бұл әрекеті ұнамады.
Букингем сарайы таратқан мәлімдемеде ханзада Эндрю америкалық миллиардермен дос болғанына өкінетінін, құқық қорғау органдарына көмектесуге дайын екенін айтқан.
KAZAKBOL.COM