Скриншот: abai.kz
Енді түлектер Жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ермек Тұрсыновтың әрбір сұхбатын оқуға, Баян Есентаева (Мақсатқызы) мен Нұртас Адамбаевтың сыни пікірлерін қалт жібермей қадағалауға тиіс екен деп хабарлайды abai.kz порталы.
«Қазақстанның ресми бас газеті «Егемен Қазақстан» соңғы уақытта бұқарашыл басылымға айналды. Бұрын соңды болмаған тың бастама жасап, талапкерлерге арнап, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын жариялап отыратын болды. Газет ішіндегі бұл кітапшадағы сұрақтармен енді мыңдаған талапкер дайындалатын болады
Бірақ, бұл тың бастама екінші жағынан Білім және Ғылым министрлігінің олқылықтарын да тайға таңба басқандай көз алдымызға әкеле қоятын болды. Мысалы, «Егемен Қазақстанның» 1 наурызындағы санындағы (суреттегі) сұраққа қараңызшы», — деп жазған басылым енді жұлдызардың ҰБТ сұрақтарына енгіне қайран қалады.
Скриншот: abai.kz
«Ермек Тұрсынов — режиссер. Бірақ, оның туындылары ҰБТ-да сұрақ болатындай деңгейге жеткен жоқ деп ойлаймыз. Ал, Баян Мақсатқызы мен Нұрлан Адамбаевқа қатысты жақ ашпауды жөн санаймыз. Біздің балалар олардың туындыларын ғылым деп танитын болса, Қазақстанның болашағының бұлыңғыр екені айдан анық дүние…
ҰБТ-да дәл осындай түсініксіз һәм күлкілі сұрақтың жүруі біздің білім министрлігінің «білімсіздігін» көрсетеді. Олар енді ҰБТ сұрақтарын газеттердегі сұхбаттар негізінде дайындайтын болған секілді», — деп жазады басылым.
Материал авторы Шәріпхан Қайсар
KAZAKBOL.COM